Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тариф тағы өсуі мүмкін

c 16:45, 20/12/2021 c 1299

0:00 / 0:00

"Орал таза сервис" ЖШС алдағы жылдан бастап тариф құнын көтеруді жоспарлап отыр. Коммуналдық мекеме өкілдерінің айтуынша, жанар-жағармай мен техникаға қажетті қосалқы бөлшектердің қымбаттауы шығынды еселеп отырған көрінеді. Оған қоса тұрғындардың мекемеге қарызы азаймай отыр. Тұрмыстық қатты қалдықтар тарифі еліміздің барлық облыстарында көтерілген. Жанар-жағармайдың күрт қымбаттағанын есептемегеннің өзінде азық-түлік бағасы да шарықтап, коммуналдық мекеме қызметкерлері мардымсыз жалақыға жұмыс жасаудан бас тартатын көрінеді. Бүгінгі таңда сатып алынған су жаңа техникаларды басқаратын жұмысшылар жетіспейді. Оған қоса күл-қоқысты жинау жұмысында да қол күші тапшы көрінеді.Коммуналдық мекемеге Оралдықтардың қарызы 100 млн. теңгені құрайды. Соған қарамастан тұрмыстық қалдықтарды тазалау шаралары екі ауысымда демалыссыз жүргізіледі.Тариф құны осыдан екі жыл бұрын көтерілген болатын. Қазіргі қызмет бағасын есептеу жұмыстарын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы мамандары жүргізуде. Кейін қоғамдық тыңдау шарасы ұйымдастырылып, мәселе мәслихат сессиясында қаралады. Ал шешім алдағы жылдың басында шығады. Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтар тарифінің бағасы көп қабатты үй тұрғындары үшін - 286 теңге тұратын болса, жеке тұрғын үй секторындағылар үшін айлық тариф құны - 291 теңгені құрайды. Жаңа тариф шамамен 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.