0:00 / 0:00
Экономистердің айтуынша, монополия нарықтық экономикаға зиянын тигізеді. Бәсекелестікке кедергі келтіреді. Бағаны көтеріп, өндірісті төмендетеді, негізсіз артық табыс табады және тұтынушылардың қалтасына салмақ салады. Ашық дереккөздердің мәліметінше, энергия компанияларының иелері арасында ЖЭО-да Клебановтар, миттал, машкевич, ким және басқалары сияқты белгілі олигархтардың аты-жөндері бар. Олардың барлығы Форбс тізіміндегі долларлық мультимиллионерлер мен миллиардерлер.Қазақстанда акционерлер ерекше қорғауда. Ал ЖЭО тозса, халықтың қалтасын қағып жөндеу жүргізеді дейді депутаттар. Орта есеппен республика бойынша коммуналдық қызметтерге тарифтер 10-нан 45% -ға дейін көтерілді. Енді тарифтер тағы да өседі.
АРМАН ҚАСЕНОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Тарифтердің ең төменгі өсімі болады. Біз тиісті есептеулерді жүргіздік. Бұл болжам емес, бәрі талдау негізінде. Біз тарифтердің қанша пайызға өсетінін білеміз және бұл ең төменгі өсім болады деп сендіреміз».
Тариф өссе ең алдымен халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы зардап шегеді дейді сарапшылар. Тарифтер көтерілген жағдайда бизнес бірінші кезекте тарифтің өсу пайызын тұтынушыға аударады. Тарифтердің құны өскен сайын әрбір теңге азғантай болса да азық-түлік, жаппай күнделікті сұранысқа қажетті тауарлардың құнына әсер ететіні сөзсіз. Ал шенеуніктер инфляцияны бақылап отырамыз деп сендіреді. Сондай-ақ, үкімет мүшелері алдағы бес жыл ішінде елімізде шамамен қуаты 7 300 мегаватт электр желісі салынады және қолданыстағы электр желілерінің бір бөлігі жаңғыртылады деп отыр. Оған 6 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Бұл «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы арқылы жүзеге асады. Коммуналдық желілерді жаңғырту көзделген. Мұндағы инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 6,8 триллион теңге болады. Ол ақшаға 86 мың шақырым коммуналдық желіні жаңартып, жаңғырту және дамыту қажет. Шенеуніктер аталған ұлттық жобаға зейнетақы қорының қаражатын да пайдаланамыз деп отыр.
Айта кетейік, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін енгізілген болатын. Сол кезде Бас прокуратура мен бірқатар қоғам қайраткерлері бұл бағдарламаны сынға алғанды. Олардың айтуынша, сол кезеңде халық үшін тарифтер екі есе өсті, бірақ жабдықтардың тозуы бұрынғы деңгейде қалды. 2022 жылы орын алған Екібастұздағы ТЭЦ-2 ірі апатының салдарынан 130 мыңға жуық адам бірнеше күнге жылу мен жарықсыз қалған еді.