0:00 / 0:00
Келер жылы тариф қымбаттай ма? Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдерімен өткен брифингтегі басты сұрақ осы болды. Комитет төрағасы Асан Дарбаев 2021 жылы коммуналдық тарифтер биылғы деңгейде сақталады деп отыр. Бүгінде монополистерден жаңа тарифтерді бекіту туралы 143 өтінім келіп түскен екен. Алайда, коммуналдық қызмет түрлеріне баға шарықтамайды деп сендіріп отыр.
Жыл басында тарифтердің шарықтауы дәстүрег айналған. Қазақстандықтар бұл үрдіске бой үйреткен. Жаңа жылда су, жарық, жылу, теміржол, әуе, байланыс сияқты қызмет түрлеріне бағаның өсуінен әбден ығыр болған халық, енді келер 2021 жылы да тариф қымбаттауы мүмкін деп болжап отыр. Алайда, Табиғи монополияларды реттеу комитеті Мемлекет басшысының тарифтерді сақтап қалуға қатысты тапсырмасы аясында, жаңа жылда коммуналдық қызмет түрлеріне баға өспейді деп сендіріп отыр. Монополиялар тарапынан жаңа тарифтерді бекіту туралы 143 өтінім келіп түскен екен. Алайда комитет алдағы жылы тарифтерді өзгертуде төрт негізгі қағидатты басшылыққа алмақшы.
Ал өткен жылы аталмыш комитеттің төрағасы Асан Дарбаев 2021 жылы электр энергиясы тарифі 6-7 пайызға қымбаттайтынын айтқан болатын. Енді бұл тек кейінге шегеріліп отырған сияқты.