0:00 / 0:00
Оралда сәуір айынан бастап су бағасының тарифі - 200 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Өйткені «Батыс су арнасы» ЖШС табиғи монополияларды реттеу департаментіне бағаны өсіру туралы өтініш беріпті. «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Қайырғали Имашев коммуналдық мекеме қызметі үшін қолданыстағы тариф құны осыдан 5 жыл бұрын бекітілді дейді. Тариф бағасын өсіруге бірнеше негізгі себеп бар көрінеді. Қазір кәсіпорын қарызға белшеден батқан. Сонымен қатар жер асты құбырларын жаңғырту мен қызметкерлер жалақсын көтеру сынды өзекті проблемалардың шешімі бұл коммуналдық ақыны көтеру. Сол себепті сұранысты монополистер бекітетін болса, бір куб метр су ақысы 96 теңгеден 200 тегеге қымбаттауы мүмкін.Ал табиғи монополияларды реттеу мекемесі мамандары қазіргі уақытта тариф құнын көтеру туралы шешімнің шықпағанын айтты. Бағаны өсіруге негіз болғанымен бірден бұлай екі есеге көтеру негізсіз дейді. Су тарифінің бағасына қатысты нақты шешім алдағы айдың 7-ші жұлдызында шығатын болады.