0:00 / 0:00
Өздеріңізге мәлім Алматы облысының Талғар қаласында жас жігіттердің арасында орын алған төбелестің салдары 16 жасар жасөспірім-Шерзат Болаттың өліміне әкеліп соқты. Бір бөтелке сыра үшін туындаған даудың соңы қайғылы оқиғамен аяқталған еді.
Марқұм Шерзаттың жақындары төбелеске ұл-қызы аралас 13 адам қатысқанын айтуда. Ал қазір полицияның қамауға алғаны 11 күдікті. Бұған дейін Депутат Сәрсенғалиев Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты қоғам дүрлікпесе құқық қорғау органдары қозғалмай ма? Қоғам қайда барады деген мәтіндегі сауалын барлық құзырлы орган басшыларына жолдап, елдегі қауіпсіздік мәселесі ақсап тұрғанын айтқан болатын. Бұл сауалын Бас прокурор Берік Асыловқа, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа жолдаған еді. Әзірге ішкі істер министрінен ғана жауап келген. Бас полицейдің жауабына сүйенсек, марқұм Шерзаттың өліміне қатысты тергеу 5 бап бойынша жүргізіліп жатыр. Олар –(Адам өлтіру"), 293-бабы, 3-бөлімі ("Бұзақылық"), 115-бабы ("Қорқыту"), 432-бабы ("Қылмысты жасырып қалу") және 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") баптары.
Қазір 16 жасар Шерзаттың өліміне қатысы бар деп қамауға алынған 11 адам тергеліп жатыр. Сегізі кісі өлтірді деген күдікке ілінсе, үшеуі қылмыс туралы хабарламау бабы бойынша тергелуде. Жауаптан түсінгеніміз аталмыш қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылатындардың саны мұнымен шектелмейді.
Өздеріңізге мәлім, әлеуметтік желіде Талғарда орын алған қылмыстық іс бойынша «ашық сот өтсін» деген талап жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл оқиғаны Ішкі істер министрі жеке бақылауында ұстап отырғанына қарамастан, кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберген еді.
Қайғылы оқиғадан кейін Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметінен кетті.