Енді санитарлық талап пен техникалық регламентті сақтамаған жандар ірі көлемдегі айыппұлды арқаламақ. Қазіргі таңда бір айлық есептік көрсеткіш 2525 теңгені құрайды. Осыған байланысты заң талаптарын бұзған айыпты жандар 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлемек. Сала мамандары 2019 жылдың сәуіріне дейін санитарлық талаптардың сақталуына байланысты 280-нен астам нысанды тексеріпті. Олардың 240-нда олқылық орын алған. Сондай-ақ, 115 кәсіпкерлік нысандары да тектерістен өтіп, олардың 84 ережелерді аяққа таптағандығы анықталыпты.