Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тайпақтың бренді

c 15:21, 31/07/2020 c 836

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда бау-бақша өнімдері пісіп, саттыққа шығарылды. Базар мен дүкен сөрелерінде Отандық, жергілікті өнімнің көп екені байқалады. Әсіресе, қауын мен қарбызға деген сұраныс жоғары. Ал Оралдықтар Тайпақтың қарбызын сатып алуға әуес. Тайпақтың бренді қазір егістікте пісіп, шаруалар өнімді жинап, саудалауда.

Су тапшылығына бейімделіп, тамшылату жолымен бау-бақша өнімдерін еккен шаруаның бірі- Нұрлан Жұмашев. Шаруа жаңа әдіспен бақша егуді 2016 жылы бастаған. Егістігіне пияз, картоп, қияр, қызанақ, шалғамды отырғызыпты.

Егістікте көкөніс өнімдерінен бөлек Тайпақтың брендіне айналған қауын-қарбыз пісіп жатыр. Биыл бал қарбыздың дәмін шілденің 4-інен бастап татыпты.

Шаруа қарбызды қалай таңдау керек жайлы біраз кеңестерімен де бөлісті.

Кәсіпкер биыл бау-бақша өнімдерін еккен кезде ешкімді тұрақты жұмысқа алмағанын айтады. Бірақ осы кәсіптің басы-қасында жүріп, тамшылату әдісін бақылап жүрген қызметкерлер бар.

Қара жерге өнім егіп, еңбектеніп напақасын тауып отырған шаруа жыл сайын мемлекеттен қолдауын алып келген. Бірақ өткен жылғы өзгерістерге байланысты 2019 жылы төленуі тиіс субсидиясын ала алмай отыр.

Жалпы биыл Ақжайық ауданында 1305 гектар жерге көктемгі далалық жұмыстар жүргізіліп, көкөніс пен бақша өнімдері 885 гектар жерге егілген. Піскен өнім аудандарда саудаланып жатыр.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.