0:00 / 0:00
Бизнес қауымдастығы тауарларды таңбалауға қарсылық білдіріп отыр. Қауымдастық басшылығы елордада арнайы жиын өткізді. Олардың айтуынша, тауарларға таңба қойылса, қазақстандық кәсіпкерлер банкрот болады. Нәтижесінде шағын бизнестің орнын, ірі бизнес басады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды таңбалау елімізде бағаның 10 пайызға қымбаттауына әкеп соғады.
Еуразиялық экономикалық одақ нарығында тауарларды таңбалау арқылы тауар айналымын және осы нарықтағы көлеңкелі экономиканы бақылау күшейтілмек. Өз кезегінде, тұтынушылар сапалы,заңдық тұрғыдан бақыланған тауар алады деген кепілдік беріледі. Оған қоса таңбалау тауарлар ағының цифрлануымен сәйкес болуы керек. Осылайша өнімнің тасымалдану, сатылу барысын бақылап отыруға болады. Дегенмен, бизнес қауымдастығы бәрі біз ойлағандай емес дейді. Тауарларды таңбалаудың кері тұстары да бар.
Дінмұхаммед Айсауытов - қазақстанның сүт одағының өкілі; «Онда жабдыққа қыруар қаржы кетеді. Таңбаланған әр тауардың кодына да ақша жұмсалады. Өндірушілерге тауар құнын асырып сатуға тура келеді. Ресей 2024 жылы тотальды таңбалауға көшпек. Қазақстан да сол жолмен жүрсе, бізде бүкіл тауар түрлері қымбаттайды»
Кәсіпкерлердің айтуынша, өнімді таңбалау жабдығы өте қымбат, млндаған соманы құрайды. Ал шағын және орта бизнес мұндай шығынды көтере алмайды. Сондықтан тауарларды таңбалау шағын бизнестің тоқырауына әкеп соғады. Одан әрі, таңбалаудың аяғы дүкен сөрелеріндегі азық-түліктің қымбаттайды. Дәрі-дәрмек, темекі, алкголь өнімдеріне де баға шарықтайды дейді бизнес қауымдастығы. Себебі, бар ауыртпашылық бизнеске түседі де, нәтижесінде тұтынушының қалтасы қағылады.
Анастасия Калашникова - Қазақстанның делдалсыз сату қауымдастығының жетекшісі; «Біз жылына 22 млрд теңге төлеуіміз керек болады.Мұны жыл сайын төлеп отыратын боламыз. Бұл бізге керек пе? Ресей бізден өз нарығын жауып жатыр. Сәйкесінше кішкентай ғана ел Ресей аймағына өнімімзді шығара алмай қаламыз. Немесе тауарларды таңбалауға тура келеді. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың келісімдеріне қайшы әрекет. »
2018 жылдың соңында «Ақ жол» партиясының төрағасы, депутат Азат Перуашев ресейліктердің халық тұтынатын барлық тауарларды таңбалау туралы ұсынысын қолдаған ел үкіметін сынға алған болатын. Депутаттың айтуынша, тауарларды таңбалаудан мемлекет ұтпайды, керісінше жеке меншік компаниялардың пайдасы асады.