Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Табиғат жанашыры

c 16:59, 05/09 c 12

0:00 / 0:00

Оралда өз еркімен ормандарда ағаш егіп жүрген жан бар. Ол- Сырымжан Айтжанов. Қала тұрғыны 10 жасар ұлымен бірге Хан тоғайында тал-терек отырғызумен айналысады.

Бұл-Сырымжан Айтжанов. Сырымжан ұлымен Хан тоғайында 60 Амур барқытын отырғызды. Табиғат жанашыры биыл 150 түп тал-терек егуді жоспарлап отыр.

Эко белсенді бала кезінен табиғатқа жаны құмар болып өседі. Ол оқушы кезінен туризм үйірмесіне қатысыпты. Экологиялық тәрбиенің арқасында қоршаған ортаның тазалығын мұқият қарау мәселесі мені қатты алаңдатады,- дейді кейіпкеріміз. Сол себепті "Басқақ" тоғайында сенбілік ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы тәрбиені бойына сіңіріп өсірген ұлы да тал-терек егуге құлшына ат салысады.

Қала аумағында 28 мыңнан астам орман алқабы бар. Оның аумағында шегіршін, шаған, ақ терек, үйеңкі, көктерек, емен секілді ағаштың түрлері өседі. Сала мамандары осы ормандарды күтіп ұстап, оларды тілсіз жаудан қорғау үшін барын салуда. Десек те, биыл екі өрт оқиғасы тіркеліпті. Соның кесірінен 7,9 гектар жерге залал келген.

Табиғат жанашырлары мен атқарушы билік ормандарды сақтап қалу үшін тал-терек егіп, жанталасып жатса, қасақана ағаштарды отап, оны жағып жүргендер бар. Сала мамандары ормандарда өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Заң талаптарын бұзған жандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.