Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Табиғат жанашырлары қалдық сұрыптаудың жаңа әдістерін ұсынды

c 17:52, 20/05 c 1

"Орал таза сервис" ЖШС ұйымдастыруымен қалдықтарды сұрыптау көлемін ұлғайтудың жаңа жолдарын табуға арналған байқау өтті. Оған оқу орындармен мектеп оқушылары өз жобаларын ұсынды. Қорытынды шара кеше Жәңгір хан атаныдағы БҚАТУ -да өтті.«Орал Таза Сервис» ЖШС ұйымдастырған қалдықтарды сұрыптау байқауы өз мәресіне жетті. Қоршаған ортаны қорғау және экологияны жақсарту мақсатында өткен байқауға 50-ге жуық жоба ұсынылды. Әр жоба табиғатты қорғау және қалдықтарды тиімді сұрыптау жолдарын ұсынуға бағытталған болатын. Қорытынды шара Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өтті. Байқауға қатысқан жобалар арасынан үздік деп танылған 13 жоба қорытынды сайыста бақтарын сынады. Жобаларға экология саласының мамандары, ғалымдар және облыстық мәслихат депутаттары қазылық етті. Олар жастардың экологияны қорғаудағы рөлін атап өтіп, жобаларды жоғары бағалады. Әсіресе, қалдықтарды сұрыптауға арналған ерекше идеялар мен жобалар назардан тыс қалмады. Табиғат жанашырлары бұл жобаларды жасыл экономикаға алғашқы қадам ретінде сипаттады. Олардың айтуынша, жаңа жобалар шамамен 10 жыл ішінде өз жемісін беріп, экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосатын болады.Байқау қорытындысында жеңімпаздар анықталды.1-орын - НЗМ, 12 сынып - «Tazalyg» жобасы.2-орын - №51 жалпы білім беретін мектеп, 7 «В» сынып - Қуаныш Бек Мұқимұлының жобасы.3-орын - №44 мектептің 7 сынып оқушысы Еслямова Найляның жобасы. Бұл байқау - жастардың экологияны қорғауға деген ынтасын арттырып, қалдықтарды сұрыптау және қоршаған ортаны сақтауға арналған жаңа идеяларды насихаттауға арналаған. Табиғат жанашырларының бастамаларының арқасында болашақта еліміздің экологиялық жағдайы жақсара түсеріне сенімі мол!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.