Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сырттан қарыз алғанды тыю керек

c 09:01, 22/06/2021 c 502

0:00 / 0:00

Сырттан қарыз алғыш қазақстандық шенеуніктер, оны тиімді пайдаланбай отыр.  Есеп комитеті сыртқы қарыздарды тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін енгізуді ұсынды. Бүгін өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2020 жылғы бюджеттің атқарылу барысы, жалпы пандемия кезіндегі үкіметтің жұмысы жайында есеп тыңдалды. Парламентке премьер-министр Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті түгел келді.

Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті өткен жыл оңай болған жоқ, COVID-19 пандемиясынан туындаған қатаң шектеу іс-шараларымен және мұнай бағасының рекордтық төмендеуіндегі дағдарыс жағдайларында жұмыс істедік деп ағынан жарылды. Дегенмен  Қазақстан экономикасының елеулі құлдырауының алдын алуға және сыртқы күйзелістердің салдарын азайтуға қол жеткіздік деп отыр. Бұл дағдарыстан үкімет  Ұлттық қордың арқасында аман қалды. Қор  ел үшін «қауіпсіздік жастығы» рөлін тағы да орындады дейді есеп комитетінің басшысы. 2020 жылғы қордан түскен қаражаттың 96% -ы жұмсалды. Дегенмен, үкіметтегілер сырттан қарыз тартуын тыяр емес. Бір қарызды жабу үшін екінші қарызды алып жатыр. Оның үстіне сол қарызға алған қаражаттың өзін тиімсіз пайдаланып жатқандар бар. Бұл орайда сыртқы қарыздарды тиімсіз жұмсағандарды жауапкершілікке тарту ұсынылды. Өткен жылы үкімет пен квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 13,9 трлн теңгені құрады.

Наталья Годунова – ҚР есеп комитетінің төрайымы «Сырттан ақша алу практикасын жою керек. Сыртқы қарыздарды тиімсіз тартқаны және пайдаланғаны, сондай-ақ оны уақытында игермегені, ал кей кезде күшін жойғаны үшін жеке жауапкершілікті қатаңдату қажет. Бұл туралы депутаттар да айтқан болатын»

Бірлескен отырыста елде өнеркәсіпті дамытуға, оны қолдауға күш салу керектігі тағы айтылды. Себебі, жаңбырдан кейінгі саңырау құлақ құсап өсіп жатқан мемлекеттік борыш елде макроэкономикалық тұрақсыздық тудырады. Депутаттар үкіметке Ұлттық қордан ақша алуды доғару қажеттігін де ескертті. Мәжілісмен Аманжан Жамаловтың айтуынша, республикада салық жинау деңгейі төмендеген. 2020 жылы бюджеттің салықтық түсімдері 17,4%-ке азайды. Бұл

"Салықтық әкімшілендіру жүйесін реформалау" бағдарламасының дұрыс жүргізілмеуінен дейді депутат. Осы бағдарламаны іске асыруға 11 жыл ішінде миллиардтаған теңге жұмсалған еді.

Депутаттарды  Ұлттық қордың жағдайы қатты алаңдатқанға ұқсайды. Үкіметті  елдің болашағын ойламайды деп кіналады.  Ұлттық қор трансферттерінің үлесі 2020 жылы 40 пайызды құрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.