0:00 / 0:00
Галина Бошенятова есімді қала тұрғыны арнамызға қоңырау соғып, көмек сұрады. Қала тұрғыны эпилепсия дертіне байланысты 2016-2017 жылдары ІІІ топтың мүгедектігін алыпты. Алайда, ол мүгедектіктің мерзімі аяқталғаннан соң, кейіпкеріміз мүдегектікті қайта рәсімдей алмай отыр. Осы ретте, сала мамандарының пікірі қандай?
Бұл, Галина Башенятова есімді қала тұрғыны. 31 жасар келіншек осыдан бірнеше жыл бұрын эпилепсия деп аталатын сырқатқа шалдығыпты. Кейіпкеріміз осы дерттің салдарынан ел қатарлы жұмыс жасай алмай, өзгенің босағасында күнелтіп отыр. Талма ауруына шалдыққан азаматша, 2016-2017 жылдар аралығында тиісті комиссиядан өтіп, 3-ші топтың мүгедегі ретінде танылып, тиісті зейнетақымен күнелткен көрінеді.
Кейіпкеріміздің шағымын арқалап, облыстық медициналық -сараптама орталығына арнайы барған едік. Сала мамандары аталмыш азаматша, 2017 жылы тиісті комиссиядан өткен тұста, оның денсаулығы жақсы болғандықтан мүгедектік тағайындалмады,- дейді.
Дәрігерлер 31 жасар келіншектің биылғы жылы тиісті комиссиядан өтпегендігін атап өтті. Сала мамандары егер науқасқа дәрігер бекіткен ем-дом қонбай, азамат бекітілген ережелерде айтылған өз-өзіне қызмет ете алмаса, өзгенің көмегінсіз күн көре алмайтындай жағдайда ғана болса, мүгедектік алу туралы комиссияға жолданады,-дейді.
Кейіпкеріміз, биыл мектеп табалдырығын аттайтын ұлын жетілдіру үшін емдеу мекемесі бекіткен ем-домның баршасын қабылдап, өз денсаулығына назар аударуы керек. Кейін, келіншек тиісті комиссиядан өтуі тиіс. Егер дәрігерлер оның денсаулығы нашар деп тапса мүгедектік тағайындалады.