Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

c 17:19, 25/05/2022 c 1181

0:00 / 0:00

Бүгін соңғы қоңырау-оқу жылының соңғы күні. Облыс орталығындағы С. Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтті. Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, жас түлектерге сәт сапар тіледі.Салтанатты жиын 11 жыл бойы білім алып, республикалық, халықаралық білім додаларының жеңімпаздары атанған мектеп түлектерін құрметтеп қарсы алумен басталды. Соңғы қоңырау салтанатына арнайы келген облыс әкімі Ғали Есқалиев 25 мамыр есте қалатын ерекше күндердің бірі екендігін атап өтті.Бір қызығы, 69 түлектің осы қалайы жоқ, бәрі де білім, өнер байқауларында жетістікке жетіп, жеңімпаз атанып үлгергендер екен. Қоңырау үнін сағынып келген Сәкен мектебінің 2002 жылғы түлектері білім ордасы ұжымына шынайы алғыс білдіріп, 1 000 000 теңгенің сертификатын табыстады. Ұстаздар мен шәкірттерді мерекемен құттықтаған ардагер мұғалім Ерсайын Сапаров мектепте жабылып қалған бастауыш сыныптарды қайта ашу қажеттігін облыс әкімінің назарына ұсынды. Салтанатты іс-шарада жыл бойы жоғары жетістікке қол жеткізген ұстаздар мен шәкірттер алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ал балаларын білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға ата-аналардың айтар алғысы шексіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.