Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сығырайған жарық

c 16:45, 12/08/2020 c 593

0:00 / 0:00

Орал қаласының "Арман" шағын ауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері электр бағанының жоқтығынан зардап шегіп, жарыққа жарымай отыр. Аталмыш ауданға қарасты Досмұхамбетов, бірінші көше мен оныншы көшенің халқы өз есебінен электр бағаналарын тартып, үйлеріне жарық кіргізген. Бірақ сығырайған электр жарығы көзді ауыртады, тұрмыстық техникаға қуаты жетпей, жалп етіп сөніп қалатын кезі көп. Үтікті қолдану үшін тоңазтқышты, теледидар көру үшін басқа техниканы токтан ажыратып, талай құрылғысын пайдасыз қылып ығыр болған жұрт біздің телеарнадан көмек сұрап келген еді.

"Арман" ауданына қарасты Досмұхамбетов, бірінші және оныншы көшенің тұрғындары бірнеше жыл бұрын өз қаражаттарына электр бағаналарын қойып, үйлеріне жарық кіргізген. Бірақ ол жарық бүгінде сығырайып, бір үйде бірнеше құрылғы қосылса, қуаты әсте бәсеңсіп, электр шамы күңгірттеді. Осындай жарықпен тұрғындар он шақты жылдан бері өмір сүріп келеді. Нағыз қиын кез қыста. Тұрғындар қар аршитын көліктермен бірнеше көшені тазалай алмайды. Себебі электр бағанасының кабельдері адам бойымен бірдей биіктікте салбырап тұрғандықтан техникаға ілініп қалуы қаупі жоғары.

Тұрғындар базынасын айтып түрлі мекемелерге шағымданған. Тіпті оларға 2018 жылы жарықтың қуатын жақсартатын трансформатор қойылады деп уәде бергендері де болыпты. Зашаған кенті әкімінің орынбасары бұл проблеманы білеміз, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс бөліміне өтініш жібердік деп қысқа қайырды. Бірақ тұрғындарға күңгірттенген жарықты самаладай қылатын трансформатордың қашан қойылатыны белгісіз.

Сығырайған электр көзінің кесірінен 1-ші тоқсанда үйден оқитын балалар зардап шекпек. Және аталмыш көшенің тұрғындары жолдың жоқтығын да айтып, шағымдануда. Олар көктем мен күзде балаларымыз мектепке қатынай алмай, балшықтан көрмеген қорлығымыз жоқ дейді. "Арман" шағын ауданының тұрғындары "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" азаматтардың жан айқайына назар аударады деп үміттеніп отыр.

 

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.