Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

c 17:54, 19/03/2019 c 846

0:00 / 0:00

Облыстағы мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, сыбайластықтың алдын-алу мақсатында жаңа жоба қолға алынды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі өкілдігімен облыс әкімдігі бірлесіп қолға алған жоба алдағы уақытта барлық саланы тұтастай қамтымақ.  Мәселен, облыс бойынша  жобалық кеңесінің басшысы Әлия Сәлиева бүгінге дейін бірқатар саладағы олқылықтарға жол берілгенін айтты.

ӘЛИЯ СӘЛИЕВА, ОБЛЫС  БОЙЫНША ЖОБАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: - Ең бастысы білім саласында білім алушының денгсаулығына маңыз берілу керек. Мәселен қазір балалар 100 теңгенің тамағын ішеді. Ол аз. Сол себепті сәуір айынан бастап, 150 теңгеге көтерілмек. Осы орайда  кәсіпкерлер жұмысы электронды жүйе бойынша реттелуі керек. Яғни жұмыс барысында бұл қызметтің мөлдірлігіне жауап береді. 

Жоба аясында мемлекеттік қызметте қоғамдық бақылауды арттыру, мемлекеттік ашықтықты қалыптастыру мақсатында қоғамдық бақылау картасы түзіліп, аталған салалар бойынша тиісті жұмыстар жобалық кестемен жүргізілуде.Басшылардың мәдениетінен бастап қызметтегі сыбайластықтың алдын алуды көздеген жоба жыл бойына жүзеге асады деп жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.