Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршаға ортақ міндет" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шараға облыстық тілдерді дамыту саласында еңбектеніп жатқан қызметкерлер, заңгерлер, қоғам белсенділері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері қатысты. Мемлекеттің дамуына балта шабатын жемқорлық дертімен күресу үшін тиімді механизмдер айтылып, сыбайлас жемқорлыққа жол берген азаматтарды қандай жаза күтіп тұрғандығы айтылды.