0:00 / 0:00
«Свой дом.kz» кооперативі азаматтарға баспаналы болудың тиімді жолын ұсынады. Оралда тағы бір отбасы аталмыш кооператив арқылы баспаналы болды. «Өз үйім» азаматтардың тұтыну кооперативі тұрғындарға баспана алудың тиімді жолдарын ұсынады. Бүгінде қолайлы шарттарды құп көрген екі жүзден аса астам отбасы қоныс тойын тойлады. Қуаныштары еселеген отбасылардың бірі - Райсовтор әулеті. 10 жылдан аса пәтер жалдап жүрген жанұяның ең басты арманы өз ошақтарының сәулесінің жануы еді. Көптен күткен армандарына қанат бітіп, Оралдың іргесіндегі Комментерн ауыланан 4 бөлемелі кең сарайдың кілтіне ие болды. Айта кету керек аталған кооперативтің бас кеңсесі - Орал қаласында орналасса, өзге 6 облыста филиалдары бар. Компания 2016 жылдан қызметін бастаған күннен бері 200 отбасына қуаныш сыйлап үлгерген. Айта кету керек, коопертив арқылы ие болған баспанаңыз бірден өз атыңызға жазылады. «Өз үйім» азаматтардың тұтыну кооперативі жаңа бағдарлама арқылы жұмыс жасауды да қолға алған. «Асыл ана» деп аталатын жоба бойынша көп балалы аз қамытылған отбасылар өздері қалаған үйге қол жеткізуге болады. Кооператив арқылы су жаңа баспанаға да қол жеткізуге және жөндеу жұмыстарын жасуға да мүмкіндік бар.