Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ НЫСАНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

c 17:47, 29/10 c 37

0:00 / 0:00

Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасын бақылауға, талдауға және себеп-салдарын анықтауға бағытталған. Сондықтан тоқсанына бір рет сыртқы қоршаған ортадан, орталықтандырылған сумен жабдықтау нысандарынан сынама алынады. 9 айдың қорытындысына келсек, сумен жабдықтау объектілерінде санитариялық-химиялық көрсеткіш бойынша 6,7 пайыз сәйкессіздік анықталған. Бұл тізімге аудандар мен Орал қаласындағы нысандар кіреді. Сондай-ақ микробиологиялық көрсеткіш бойынша сәйкессіздік 3,1 пайызды құраған.

ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА
БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыс бойынша 469 сумен жабдықтау орны бар. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Керееваның айтуынша, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша шаруашылық жүргізуші тұлғаларға сумен жабдықтау объектілерін тазалау, жуу және дезинфекциялау қажеттілігі туралы хат жіберілген.

ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА
БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сондай-ақ департамент мамандары атмосфералық ауа сынамаларын да зерттеген. Мониторинг жүргізу үшін 31482 сынама алынып, оның 60-сынан шекті рұқсат етілген концентрациядан ауытқу жағдайы тіркелген. Мәселен, шаң-8, күкіртті сутек-6, көміртегі оксиді-15, күйе-21.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.