Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сұлулық әлемі!

c 00:00, 16/03/2015 c 1535

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы Сити центр ойын сауық орталығында алғашқы рет табиғи әдемілікті қалыпқа келтіретін «Мерлил» әсемдік пен сұлулық орталығы ашылды. Бұл орталықтың ерекшелігі арнайы кәсіби мамандар сіздің теріңізді аз ғана уақыттың ішінде нәрлендіріп, сізге әдеміліктің қыр - сырын үйретеді. Мерлил - бұл қаланың екпінді ырғағымен жүретін адамдарға арналған сұлулық және спа салоны болып келеді. Ал оның «Сити центр» орталығында қолайлы орналасуы қала тұрғындарына кез-келген уақытта үздік косметологиялық, шаштараз және спа қызметтерін пайдалана алуына мүмкіндік береді. Жәнеде сіз үшін арнайы шашқа күтім жасаудың тұтас бір кешені қарастырылған, онда шетелдік жетекші косметикалық бренд компаниясының препараттары пайдаланылады. Шаш қию, стайлинг, шаш сәндеу, шаш үлгілері, алдыңғы қатарлы бояу технологиялары, косметикалық күтім жасау, көпфункциялы SPA капсуладағы емшаралар сіздің көңілінізден шығатыны сөзсіз. Сондай-ақ салтанатты ашылу шарасынан кейін сұлулық салон қызметкерлері қала тұрғындарын Аптос жіппен тегістеу технологиясынмен таныстыру рәсімін оздырды. Яғни аталмыш жаңа технологияның арқасында сіздің бет теріңізді жасартуға толық мүмкіндік бар. Бұнымен қоса сіздің теріңізді қалыпқа келтіріп, арнайы табиғи шөптердің арқасында ағзаңыздағы зиянды зәр мен уыттардан тазартатын балқарағайдан жасалған кешен де сіздің сұлулығыңызды қайтаруға бағытталған. Мекен жайы Сити центр ойын сауық орталығы 1 қабат. Байланыс телефоны 30-10-10. Мерлил нағыз сұлулық әлемі!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.