Соңғы кезде ауа райы құбылып тұр. Күн біресе жылып, біресе суытады. Соның салдарынан қаладағы үйлердің төбелерінен төменге салбырап тұрған найза мұздар да қаптап кетті. Тіпті үстіне сүңгі құлап, зақым алған адамдар да бар дейді дәрігерлер. Облыс орталығындағы ғимараттардың көбінде шатырлардан салбырап тұрған сүңгілерді көз көріп тұрғанымен, оларды ескеріп жатқан тұрғындар жоқ. Кейбір мекемелер төбесінен төмен тұрған сүңгілер кез-келген уақытта сынып кетуі мүмкін. Найза мұздарды кім жинауы керек деген сұрақпен біз қалалық әкімдіктегі тұрғын үй инспекциясына телефон шалып едік, оған ПИК жауапты екен. Бүгінде қалада барлығы 108 пәтер иелерінің кооперативі тіркелген. Дегенмен, адамдардың үй шетінен аулақ немесе үнемі жоғары жаққа қарап жүруіне тура келеді. Сол себепті, бұл найза мұздар біреудің төбесін теспей тұрғанда жағдайдың алдын алған жөн. Естеріңізде болса осыдан бірер жыл бұрын төбеден құлаған сүңгінің салдарынан егде жастағы ер адам өмірімен қоштасқан еді. Ал осы айда төбеден құлаған қардың салдарынан қызмет барысында жедел жәрдем қызметкері майып бола жаздаған. Ал төтеншеліктер болса қауіпі бар ғимараттар маңы арнайы белгімен қоршалуы қажет екенін ескереді. Дегенмен, адамдардың үй шетінен аулақ немесе үнемі жоғары жаққа қарап жүруіне тура келеді. Сол себепті, бұл найза мұздар біреудің төбесін теспей тұрғанда жағдайдың алдын алған жөн.