Оралда отбасын жаңа құрған ер адам өзін биік ғимарат төбесінен лақтырмақ болды. Оқиға кеше таңғы 04:27-де Просторный көшесіндегі көп қабатты үй маңында тіркелген. 102 байланыс нөміріне оны кездейсоқ көрген қала тұрғыны хабарлаған. Құтқару шараларына төтеншіліктер мен жақын маңдағы полиция наряды жолданған. Абырой болғанда ер адамды құтқару шаралары сәтті аяқталды.