Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«СУИЦИД АЗАЙМАЙ ОТЫР»

c 09:48, 09/07 c 49

0:00 / 0:00

Өз-өзіне қол жұмсап, өірімен қоштасудың себептері көп дейді мамандар. Көп жағдайда суицид жасауға өмір жолындағы қиындықтар, тұрмыс жағдайы, депрессивті жағдайлар әсер етеді. Ал енді ғана өмір жолын бастап жатқан жастардың, балалардың арасында өз-өзіне қол жұмсаудың көп орын алуына ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады дейді психологтар. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Өкінішке орай суицид статистикасында Қазақстан 178 елдің арасында 19 орында тұр. Балалық шақтың қорғалуы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 180 ел ішінде 50-орында тұр. Бұл 2023 жылдың мәліметі. 169 кәмелетке толмаған жас суицид жасаған. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев шымкенттік белсенді жастармен кездесуінде суицид мәселесіне қатысты пікірін айтты. Сенатор бүгінде суицидтің саны азаймай отыр деді.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ "Әлемдік діндерде суицид ауыр күнә болып саналады. Адам өз-өзіне қол салса, жүйеде айтарлықтай ақаулықтар бар деген сөз. Ал ондай әрекеттерді саны көп болса, ақаулықтар ауқымды сипатқа ие. Ол - отбасыдағы, қоғамдағы және білім беру жүйесіндегі проблемалар. Бірақ суицидтер ересек адамдардың арасында да бар. Бұның барлығы әлеуметтік саясаттың кемшілігін көрсетіп отыр».

Әшімбаевтың айтуынша, осы мәселелерді көтеру керек, кеңінен талқылап, шешу жолдарын табуымыз қажет. Сондай-ақ, сенат төрағасы жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Болашақ ұлы кәсіпкер, ұлы инноватор, Нобель сыйлығының лауреаттары қайдан шығады? Мұның сапалы білім жүйесіне байланысты. Ал ол үшін айлықты көтеріп, қандай да бір автномия беру керек. Сол кезде бұл проблема өздігінен шешіледі »

Жалпы ел дамуын тежейтін маңызды фактордың бірі – жастардың жұмыссыздығы. Қолына дипломын алып шыққан жастардың барлығы дерлік жұмысқа тұрып кете алмайды. Жастарды жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалар бар. Бірақ, ол жобалар бәрін бірдей қамтымай отыр. Өзі игерген мамандық бойынша жұмыс таба алмағандар, дипломды сандыққа салып, таксист болып немесе базарды жағалап, қара жұмысқа кетіп те жатыр. Яғни ата-анасының несие алып тұрып оқытқан оқуын ақтауға шама жоқ. Өткен жылғы дерекке сүйенсек, Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша Қа¬зақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.