Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Суға түсу науқаны басталды

c 15:54, 23/01/2019 c 760

0:00 / 0:00

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейтін морждар үшін сарышұнақ аяз еш кедергі емес. Олар кез келген ауа райында тастай суық суға сүңги береді. Тіпті бұл істі дағдыға айналдырғандары да бар. Нәтижесінде біраз адам дертінен құлан таза айығыпты.
Қыстың көзі қырауда шомылу үшін ең алдымен психологиялық дайындық қажет. Оның үстіне бұл денсаулыққа да пайдалы. Морждар деп аталып кеткен топ алдымен 20 минут жаттығу жасап бойларын дайындайды. Орал қаласының тұрғыны Нағима Беғалиева суық суға түсуге еті әбден үйренген. Ойыққа ойланбастан күмп ететін ол суға түспесем өзімді сергек сезінбеймін дейді.
Уақыт өткен сайын олардың қатары артып келеді. Яғни қазірдің өзінде шаһарда 70-ке тарта азамат осындай жолмен денсаулықтарын шыңдап жүр. Айта кететін бір жағдай Жазда лайланып жатаын Шаған өзені мөлдір тұп тұнық. Мұның өзі де бәлкім пайдалы шығар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.