0:00 / 0:00
Облыс орталығында орналасқан Матросов көшесі 52 мекенжайының тұрғындары бірнеше жылдан бері қолқаны қабатын иіспен өмір сүріп келеді. Үйдің жертөлесін тұрғындар әлсін-әлсін жиналған судан тазартып отырады. Кәріз жүйесінің қалдықтары жиналған шақта олар үйлерінде бетперде киіп ұйықтауға мәжбүр.
Тұрғындарды мазалаған сұрақ 4-5 жылдың ішінде күн тәртібінен түспей келеді. Жарты жыл сайын жертөле суға толып, жағымсыз иіс пәтерлерге тарала бастайды. Ұзақ уақыт шешімін таппаған бұл проблема үй тұрғындарын мезі еткен.
Жағымсыз иіс мәселесін жертөлені үнемі тазалайтын "Батыс су арнасы" мекемесіне жолдап көрдік. Мамандар суға толы жертөлені тазартқандығын, үйдің жанында тұрған кәріз құдықтарының орналасуын қайта қарап шығатынын айтады. Кәріз жүйесін қоқыс толы пакеттер, баланың жөргегі мен құрылыс материалдарының қалдықтары бітеп тастағанын көріп, тазартқандарын мәлімдеді.
"Батыс су арнасы" мекемесінің мамандары қала бойынша 47 шақырым коллектордың тозығы жеткенін айтады. Ескірген құбырларды уақытылы алмастырмаса, жертөледе су жиналып, қолқаны қабатын иіске шағымданататын тұрғындардың саны артады ,-дейді.