0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт суға кетіп, қыз бала құтқарылды. БҚО ТЖ департаменті мамандарының татартқан мәліметіне қарағанда, оқиға 1 маусым күні болды. Бәйтерек ауданында жасанды су қоймасына жабдықталмаған жерден түскен 2000 жылғы жігіт сағат 17.30-да батып кеткен. Марқұмның денесін 4 құтқарушы 1 техниканың көмегімен сағат 19.10-да судан шығарды. Екінші оқиға Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды. Күн жылынғалы бері 9 адам суға кеткен. Оның үшеуі мектеп жасындағы балалар.