Оралда 17 жасар бозбала суға кетті. Оқиға кеше сағат 20.28 шамасында болды. Бозбала белгісіз себептермен Жайық өзеніне батып кеткен. Болжам бойынша су астындағы шұңқырға түсіп кеткен. Оның денесін төрт құтқарушы 1 жүзу құралы, 1 техниканың көмегімен іздестірді. Алайда табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жаз басталмай жатып 8 адамның суға кеткені туралы ақпарат таратқан едік. Жалпы, соңғы он жылда облыс аумағында 263 адам суға кеткен, соның 73-і - балалар. Облыс бойынша суға түсуге арналған арнайы 5 орын бар.