Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Судың да сұрауы бар

c 15:49, 24/06/2020 c 639

0:00 / 0:00

Оралдағы Неусипова көшесіндегі кәріз коллекторының құбырлары қайта жаңғыртуды талап етеді. Бұл туралы «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Қайырғали Имашев мәлімдеді. Естеріңізде болса осыдан бірер күн бұрын Зашаған кенті орын алған апаттың салдарынан сусыз қалған болатын. Зашаған кенті Саратов тас жолы бойындағы кәріз коллекторындағы апат толықтай қалыпқа келтірілді. Тұрғындарға суды тасымалдап беру ұйымдастырылып, №6 емхана мен өзге әлеуметтік мекемелер қайта қызметін жалғастырды. Кент аумағында 57500 адам тұрады. Суды үнемдеу бүгінгі күннің талабы. Бұл ретте коммерциялық емес бағытта ауыз су мен бау-бақшаларды суару, көлік, басқа да құралдарды жуу және т. б шаруашылыққа пайдаланып жатқан абоненттердің әрекеттеріне тосқауыл қою үшін су қысымы өткен айдан бастап тәуліктің белгілі бір уақыттарында төмендетілді. Бүгінгі таңда коммуналдық мекемеге тұрғындар қарызы шаш етектен. Оған қоса әлемдік ахуал да кәсіпорын қызметінің жандануына кедергі келтіруде.Айта кеткен жөн бүгінгі таңда Шолхов көшесі бойындағы шайынды суға арналған құбырды жаңғырту шараларының 50 пайызы аяқталған. Бұл жұмыс қараша айына дейін тәмәмдалуы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.