0:00 / 0:00
Бүгін БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Судан құтқару орталығында "Өңір аумағы бойынша тұрғындарға төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрету "айлығы басталып кетті. Қаламыздың мектеп оқушылары мен облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерінің келуіне судан құтқару станция қызметкерлері құтқарушы, сүңгуір жабдықтары мен қондырғылардың көрмесін ұйымдастырып, арнайы әзірленген 30 минуттық фильмді де назарға ұсынды. Бар ақпарға қаныққан балалар Шаған өзенінде сүңгуір-құтқарушылардың суда зардап шеккендерге көмек көрсету кезіндегі құтқарушы қауіп-қатер дабылы бойынша әрекет ету көрінісін де тамашалады. Бұл төтеншеліктердің ауыр жұмыстарының бір шеті ғана. Бар адам баласын табиғаттан төнген қатерден, оқыс жағдайлардан арашалап қалу, әрине төтенше қызметкерлерінің ауыр да жауапты міндеті екені сөсзі «Төтеншеліктер, статистика бойынша көктем кезінде орын алар қайғылы оқиғалар көбінесе суға түсуге тыйым салынған орындарда немесе қиын-қыстау жағдайлар шығуы кезінде өзін-өзі қалай ұстау керек екенін білмеу салдарына болады», - дейді. Шара соңында балалар суайдынында суға түсуде негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жөніндегі мазмұнды әңгімеге ризашылықтарын білдірді.