Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУДАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН

c 06:25, 25/09 c 47

0:00 / 0:00

Биылғы көктемнің әлегі еліміздің ондаған аймағында орын алып, мыңдаған үйлер қирап, мал-жаны суға кеткен қазақстандықтар эвакуациялық пунктерді пана тұтып қалған еді. Үкімет тасқын судың салдарын жою мәселесіне әлі нүкте қойған жоқ. Себебі, жаңадан бйо көтерген үйлер мен нысандар, жол құрылыс әлі жалғасуда. Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, су тасқынын жоюға қазынадан 137 миллиард теңге бөлінді. Зардап шеккен жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнес субъектілеріне, фермерлерге өтемақы төлеуге шамамен 36 млрд теңге жұмсалған. 260 млрд теңгесін бизнесмендер көтерді. Биыл су тасқыны 120 мыңнан астам адамның өміріне әсер етті. Алайда, су тасқынан келген шығын көзі әлі де есептелуде.

34 мыңнан астам адам 12,6 млрд теңгеге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем алды. Бұдан басқа, шамамен 10 млрд теңге көлемінде 150 айлық есептік көрсеткіш есебінде 21 880 отбасына келтірілген материалдық залал өтелді. Ал шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу мерзімі 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылып отыр. Құрылыс министрінің мәліметінше, 9 мыңнан астам үй жөнделді, ал 8 447 үй қалпына келтіруге жатпады. Нәтижесінде, нарықтан 5 767 үй мен пәтер сатып алынды. 2 680 жаңа үйдің құрылысы басталды. Бүгінде 2 576 үйдің құрылысы аяқталды.

Шенеуніктер көктемдегі тасқын салдарына байланысты бой көтерген 2,5 мыңнан астам үйдің сапасына 2 жыл кепілдік беріп отыр. Ал Төтенше жағдай министрі су тасқыны кезінде техника жетіспегенін айтып, жаңа тік ұшақтар сатып алуды ұсынды.

Үкімет басшысы биылғы су тасқынын тәуелсіздік алған жылдардағы ең ірі апат деп бағалап отыр.

Сондай-ақ, үкіметтегілер су тасқынының алдын алу үшін ғарыштан мониторингтеудің арнайы ақпараттық жүйесін әзірленіп жатқанын айтты. Ал алдағы уақытта төтенше жағдайлардан зардап шеккендердің шығындарын өтеудің жаңа шаралары мен тетіктері қарастырылуда. Мүлікті төтенше жағдайдан сақтандырудың оңтайлы моделі енгізілмекші.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.