Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУДАН КЕЛГЕН ҚАУІП

c 09:05, 07/06/2023 c 63

0:00 / 0:00

Соңғы үш жылда мыңнан астам адам суға кетіп, ажал құшты. 1 103 адамның 321-і – балалар. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің Үкімет отырысындағы баяндамасы көңіл қоншытпайды. Өткен жылы суға батқандар саны 43%-ға азайғанымен, өкінішке қарай, жағдай жақсы емес. Қайғылы жағдай адамдарды шомылу маусымында қауіпсіздік шарасын сақтамауынан орын алады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдіктер мен құзырлы органдарға судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Жайдары жаз, аптап ыстықта адамдар жаздың рахатын суға шомылып сезініп жатады. Алайда, ажал айтып келмейді дегендей, судан келген қауіпті сезінбей қалатын қайғылы жағдайлар орын алады. Соңғы 3 жылда елімізде 1 103 адам суға кетіп, ажал құшса, оның 321-і – балалар. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің мәліметінше, биылдың өзінде суға шомылу маусымы басталмай жатып 45 адам суға кетіп, ажал құшты.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТЖМ «Былтыр суға батқандар саны 43%-ға азайғанымен, өкінішке қарай, жағдай жақсы емес. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 69 адам құтқарылды, оның ішінде 15-і бала, шомылу маусымы басталғаннан бері - 11 адам, оның ішінде 2-еуі бала. Бұл ретте 45 адам суда қаза болды, оның ішінде 14-і кәмелетке толмаған. Судағы қауіпсіздікті сақтау жалғыз министрліктің мәселесі емес. Адамдардың өзі де қауіпсіздік шараларын естен шығармауы. Әкімдіктер де тиісті шараларды қабылдауы қажет».

Министрдің айтуынша, биыл суға батқандар саны Ақтөбе, Абай, Қостанай облыстарында көп тіркелген. Көп жағдайда адамдар жабдықталмаған орындарда шомылады, балалар ересектердің қарауынсыз қалып жатады. Мас күйінде суға шомылудың да аяғы қайғылы жағдайға әкеп соғады дейді бас құтқарушы.Ресми мәліметке сүйенсек, суға батып қайтыс болғандардың 70 пайызы мас күйінде шомылғандар. Өз кезегінде премьер-министр шомылу маусымында судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Смайылов суға шомылуға арналған қауіпсіз орындарды белгілеу шараларын күшейтуді тапсырды. Әсіресе, ауылдық жерлерге баса назар аудару керек. Себебі суға батқандардың басым көпшілігі, яғни 60-70 проценті ауыл тұрғындары болып отыр деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.