0:00 / 0:00
Жыл басынан бері республика бойынша 48 адам суға батып кетті. Суға шомылу мерзімі басталмай жатып, бірден ысып кеткен күнге шыдамай адамдар шомылуды бастап кеткен. Тек өткен демалыс күндері елімізде 7 адам суға батып, бақилық болды. Құтқарушылар, суға шрмылу кезінде қауіпсіздік шарасы сақталмайды деп дабыл қағуда. Себебі, ішімдік ішіп алып суға шомылу деректері көп тіркелуде.
Биыл көктем ерте келіп еді, енді мамыр айы аяқталмай жатып, жаздың да аптап ыстығы күйдіріп барады. Ыстыққы шыдамаған қазақстандықтарды карантин талаптары тоқтата алмай отыр. Демалыс күндері қала сыртына шығып, суға шомылып, табиғат аясында өз жағдайын жасағандар қарасы көп болды. Шомылу мерзімі басталмай жатып, күннің ыстығына шыдамағандар суға барып жан сақтады. Алайда, бұл демалыстың арты қайғылы жағдайға әкеп соғуда. Ішімдік ішіп алғандар, балаларын қараусыз қалдырған деректер тіркеулде. Ағымдағы жылы суға батқандар саны 48 адамды құрады.
Владимир Беккер – ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы; «Карантинге қарамастан адамдар табиғат аясына шығып, демалыс жасап, суға шормылып жатыр. Жыл басынан бері елімізде 48 адам суға батып кетті. Соның ішінде 16-ы балалар. Ал өткен демалыс күндерінде 9 адам суға батып кетсе, оның екеуі балалар».
Еліміздің бас құтқарушысының айтуынша, адамдар суға шомылу барысында қауіпсіздік шараларын сақтамады. Қайғылы оқиғаның басым бөлігі ішімдік ішіп алып, суға шомылғандардың үлесінде.
Владимир Беккер – ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы; «Суға батып кеткендердің көбі сақтық танытпағандар. Өткен демалыста суға кеткендердің жетеуі ішімдік ішіп алған күйінде болған.Тіпті ыстық болсын, суға шомылу мерзімі болсын құтқарушылар мен дәрігерлер ішімдік ішіп алып шомылуға болмайтын тағы да ескертеді»
Ал суға шомылу мерзімін әр өңір өзі белгілейді. Өкінішке орай, адамдар рұқсат етілмеген су қоймаларына барып шомылып та жатады. Ал ол жерлерде су терең немесе ағысы қатты болуы мүмкін.