0:00 / 0:00
Елорданың қоғамдық көлік жолақысы қымбаттауы мүмкін.
«Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов, автопарктерді жаңартуға, жеңілдетілген жолақымен жүретіндердің ақысын өтеуге, жүргізушілердің жалақысын төлеуге бюджеттен субсидия сұрап отыр. Компания басшысы кіріс пен шығыс арасындағы айырма бюджет есебінен жабылуы тиіс. Егер бюджет мұндайға дайын болмаса, онда тарифті көтеру туралы айтуға тура келеді деді. Бұл мәселе қоғамдық көлік: реформалар және даму жолдары атты конференция барысында айтылды.
Аты шулы «Астана ЛРТ» компаниясы жеңіл рельсті көлік жобасын аяқсыз қалдырғаны мәлім. Енді компания қоғамдық көлікті ұстап тұруға шашам жетепй жатыр деп, мемлекетке қолын жайып отыр. Бүгінде елорданың қоғамдық көліктері түгелімен осы компанияға қарасты. Мәлім болғандай, автопарктердің компания алдындағы берешегі өсіп кеткен. Себебі, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінің біразы талапқа сай жаңартылған болатын. Автобустарын лизингке алған автопарктер шығынға батып отыр. ЛРТ компаниясы болса, автопарктерді жаңартуға, жеңілдетілген жолақымен жүретіндердің ақысын өтеуге, жүргізушілердің жалақысын төлеуге бюджеттен субсидия сұрап отыр.
Өзін-өзі ақтай алмай отырған, автопарктер бюджеттен қолдау болмаса жабылып қаламыз деп дабыл қағуда.
Егер елорда автопарктеріне мемлекеттен қолдау болмаса, бұл жолақы тарифіне әсер етіп, билет құны қымбаттауы мүмкін.Автобус парктеріне жылына 15,7 млрд теңге қажет екен. Автопарктерді жаңарту қажеттігі тағы бар.
Жыл соңына дейін 90 теңге деңгейіндегі тариф өзгермейді. Айта кетейк, бұл астра картасымен төлегендегі тариф. Ал ақшалай төлесең билет құны 180 теңгені құрайды. Дегенмен, ЛРТ компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердиновтің сөзінен түсінгеніміз, келесі жылы тариф мәселесін қайта қарауды жоспарлап отырған жайы бар.