Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдай департаменті облыста су тасқынына байланысты жағдай тұрақты деп мәлімдейді. Қазіргі таңда өзендердегі мұз еріген жоқ. Жайық өзенінің биіктігі 78 сантиметрді құрап отыр. Ресейлік мамандар биыл Жайықтың суы 400-500 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін деп болжам жасапты. Өткен жылы трансшекаралық өзеннің суы 300 сантиметрді құраған еді. Қазіргі таңда облыстың 85 елдімекенін су шаю қаупі бар.