Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Су тасқынына дайындық жоқ»

c 09:16, 16/04/2021 c 407

0:00 / 0:00

Көктемнің әлегі-су тасқынына дайындық тиімсіз жүргізіледі дейді депутаттар. Мәжілісмен Жамбыл Ахметбековтің мәліметінше, тасқынмен күреске бөлінетін қаржы көлемі де жылдан жылға өсу үстінде. Алайда, нәтиже жоқ. 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою жөніндегі шараларға арналған Жол картасына 42 млрд.теңге бөлінсе, 2020-2023 жылдарға  160 млрд. теңге қарастырлып отыр. Алайда, жылда ауылдымекендер су астында қалып, мал-мүлкінен айрылып, шығынға батып жатады. Автожолдарды су шаюда дейді депутат. Ал еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин

жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайын тұрақты деп айтуға болады деп мәлімдеп отыр.Министр бұл жайында бүгін өткен брифингте айтты. Дегенмен, қауіпті нысандар да жоқ емес.

Әдетте, Төтенше жағдайлар министрлігі көктемнің алдында су тасқынына қатысты  жағдай тұрақты, төтенше жағдайға дайынбыз деп мәлімдейді. Ал күн күрт жылып, қар ерігенде еліміздің жүздеген елді мекендері су астында қалуда. Арнасын асып тасыған өзен сулары, еріген қар суы  үйлерге, аулалар мен көшелерге құйылады, автомобиль жолдарын су басады, инфрақұрылымдар бұзылады, тұрғындар қауіпті ауданнан шұғыл көшіріледі. Көктемнің әлегіне тап болған халық бір сәтте мал-мүлкінен айырлып, шығынға батады. Бұл жыл сайынғы көрініс. Соңғы бес жылда Қазақстанда 272 елді мекенді су басты, бұл  6,5 мыңнан астам үй суға кетті деген сөз. Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахмебтеков тасқынмен күреске бөлінетін қаржы көлемі де жылдан жылға өсуде. Алайда нәтиже жоқ дейді. Мысалы, 2017-2020 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу  жұмыстарына  42 млрд.теңге бөлінсе, ендігі алдағы үш жылға  160 млрд. теңгеге қарастырлып қойыпты. Бірақ су тасқынының алдын алу жұмыстары тиімсіз жүргізіледі.

Биыл да еліміздің басы құтқарушысы Юрий Ильин су тасқынына дайынбыз деген еді. Алайда, солтүстік өңірлерде жағдай бақылаудан шығып кетті.   Тіпті ел астанасына тиіп тұрған  Қоянды, Қараөткел ауылдары суда қалды. Енді Астана су қоймасынан ағын судың артуына байланысты маңайдағы ауылдарға қауіп төніп тұр дейді министр.

Юрий Ильин –ҚР ТЖМ «Астана су қоймасынан ағын судың артуына байланысты маңайдағы  42 раъезд, Жібек Жолы ауылы үшін қауіп төніп тұр. Қазір су толып жатыр. Бүгінде 360 миллион текшеметр су жиналды. Су қоймасы 400 млнға дейін суды ұстай алады. Бұл жағдай бақылауда. Қажетті техника жіберілді.  Жібек жолы ауылының айналасындағы қоршауды нығайту үшін құм салынған қаптар төселіп жатыр».

Төтенше жағдайлар министрінің мәліметінше,  ауа райының күрт жылуынан су тасқыны қаупі басталған сәттен бері аймақтарда 46 тұрғын үйді су басты. Облыстық және аудандық маңызы бар 67 автожолды су шайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.