Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су тасқыны салдарын жою жұмыстары жүргізілуде

c 08:57, 17/08 c 18

0:00 / 0:00

 Көктемгі тасқын кезінде су басқан саяжайлардағы газ құбырларын судан тазарту жұмыстары қолға алынды. “QazaqGaz Aimaq” АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы өкілдері газ реттеу шкафтарын тексеріп, техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуде. Саяжай аумақтарын газдандыру туралы техникалық шарттар 2014 жылы қыркүйек айында беріліп, 2016 жылы газбен қамтамасыз етілді. Аталған саяжайдағы газ тарату желілері “QazaqGaz Aimaq” АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы меншігінде емес. Бау-бақша серіктестіктері аумағындағы газ құбырлары саяжай қауымдастығының немесе жекенің меншігінде болғандықтан күтіп ұстау жұмыстары да иелік етушінің міндетінде. Алайда күні бүгінге дейін ешқандай да жұмыстар жүргізілмеген. Аталған газ тарату желілері «QazaqGa𝗓 Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының меншігінде болмаса да, қазіргі уақытта компанияның 4 бригадасы саяжайларда жұмыстанып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.