0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі толық сейілді. Өзен-көлдердің деңгейі төмендеді. Жайықпен келетін судың көлемі былтырғыдан 4 есе аз. Қазір өңірде бүлінген жолдар жөнделіп, үзілген қатынас қалпына келтіріліп жатыр.Батыс Қазақстан облысындағы былтырғы алапат су тасқыны елдің есінде. Төрт аудан мен Оралда мыңдаған үй суға кетті. Жүздеген млрд теңге шығын келді. Биыл да табиғи апат қайталануы мүмкін деген болжам жауапты мекеме басшыларына күндіз күлкі, түнде ұйқы бермеді. Осы мерзімде облыста 147 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері салынды. 93 километр арық қазылды. Жаңадан 7 гидробекет орнатылды. 1,7 млрд теңгеге қар шығару жұмыстары жүргізіліп,. Миллион текше метр қар шығарылды. 229 млн теңгеге мұз жару жұмыстары жүргізілген.Бірақ биыл да су тасиды деген мамандардың айтқаны келмеді. Қазір Жайықтан басқа өзендердің деңгейі төмендеді. Егер бұрын Жайықпен көктемде 5,2 млрд текше метр су келеді делінсе, енді келер су көлемі 3 жарым миллиардтан аспайды, дейді мамандар. Оған Орынбордағы Ирикла су қоймасынан жіберілетін судың азайтылуы себеп. Қазір өңірде су шайған жолдарды жөндеу басталды. Жымпиты-Ақсай жолындағы уақытша көпір қалпына келтірілді. Қаратөбеден шыға берісте жырылған жолды сәуірдің басына дейін жөндеу жоспарланған. Арғы беттегі 9 ауыл қазір айналма жолмен жүріп жатыр. Биыл өңірде 3 көпірдің құрылысы басталады.Жаңа көпірлер Қалдығайты, Жақсыбай және Шыңғырлау өзендеріне салынады. Бұл нысандардың құрылысын қолға алуды былтыр өңірге сапары кезінде Мемлекет басшысы тапсырға