0:00 / 0:00
Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Елдегі су қорының 40% астамын трансшекаралық өзендер құрайды. Ал мамандар 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін деп дабыл қағуда. Елдег су тапшылығымен күрес, суды тиімді пайдалану жолдарын шешу үшін су министрлігі БҰҰ-мен бірлесіп үйлестіру кеңесін құрып жатыр. Ол кеңеске өзге де халықаралық қаржы институттары кіреді. Кеңес су ресурстарын басқаруда тұрақты тәжірибелерді ілгерілетуге ықпал ететін болады дейді су министрі Нұржігітов. Ал елдегі суға қатысты проблемаларды шешу үшін шетелден қаржы тартпақшы.
Біздің ел су тұтыну көлемі жағынан әлем бойынша 11 орында тұр. Жан басына шаққанда әр адамға 3.5 мың литрден келеді. Ал Еуропа елдерінде су пайдалану мәдениеті бар. Суды үнемді, тиімді пайдалану бір жолға қойылған. Болашақта суды үнемді пайдаланбағандар үшін тариф қымбаттауы мүмкін.
Үйлестіру кеңесі Су кодексін, Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын және Су саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді және оны іске асыруға қолқабыс етеді. Су ресурстарын басқару саласында озық халықаралық тәжірибе мен инновациялық шешімдерді енгізу көзделіп отыр. Ал қазір Қазақстанда АЭС-тің құрылысы қызу талқылануда. Өздеріңізге мәлім біздің ел су реакторын салуды жоспарлап отыр. Ол үшін Балқаш көлінің суы қолданылады. Көпшілік арасында АЭС салынса көлдің суы ортайып қалады деген алаңдаушылық бар.
Алдағы жексенбіде жалпыхалықтық референдум өтіп, үкімет қазақстандықтардың батасын алса, АЭС салуға екі қолын сыбана кіріспекші.