Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУ ТАПШЫЛЫҒЫ КЕЗІНДЕ ОН ЖЕТІ МЫҢ ХАЛЫҚТЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ҚОСЫМША НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

c 12:32, 19/11/2021 c 1331

Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа нысан іске қосылды. Бұл туралы экология министрлігінің Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев пен министрліктің “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Асқар Рахматуллиннің аталған қалаға барған сапарында белгілі болды.

Макинск қаласында 17 мың тұрғын бар. Осы уақытқа дейін ауыз су мәселесі өзекті болса, қазір түбегейлі шешілді. Өйткені Су ресурстар комитеті жаңа жобаны жүзеге асырды. Қаланың сумен қамтамасыз ететін объектілеріне дейін Кішкентай кен орнының жер асты су тартқышы мен су тарту құрылыс жұмысы аяқталды. Аяқталған нысан су тапшылығы кезінде он жеті мың халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қаухарлы.

«Су ресурстар комитеті тарапынан бірнеше жобаны іске асырудамыз. Жобалардың барлығы министрліктің жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Қазір іске қосылған нысан тек халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, қаладағы құс фабрикасына да су жеткізеді.» ,- деді Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев.

Аталған өңірде тіршілік нәрінің тапшылығы өзекті. Қалалық әкімдік өкілінің сөзінше, бұрынғы жұмыс істеп тұрған су тартқыш нысанның тозығы жеткен. Сол себептен тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуде мәселе туындаған.

«Бүгінгі танда осы нысанды қосу арқылы 17 мың халықты ауыз сумен қамтамасыз етеміз. Алдыңғы уақыттарда бізде көптеген су проблемасы болды. Өйткені су тиісті көлемде жеткіліксіз еді.Осы уақытқа дейін күніне біз тұрғындарға 1500 м3 су жіберетінбіз. Әрине, бұл жеткіліксіз. Оның үстіне бұрынғы резервуарлар ескі, тозығы жеткен. Енді осы жаңа нысанды қосқасын күніне 1800 м3 су жібереміз. Әлбетте, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешілді.» ,- деді Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы "Макинск Жылу" ШЖҚ МКК директорының м.а. Азамат Алдабергенов.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.