0:00 / 0:00
Оралдағы «Жайық самалы» суда жүзу бассейні күрделі жөндеуден кейін жұмысқа қайта кірісті. Бүгінгі күннің талабы бойынша спорттық нысанда күніне 30 баламен жаттығу шаралары өткізілуде. Өткен аптада су спорты бойынша Орал қаласының ашық біріншілігі өткен болатын.Оған жергілікті қос командадан бөлек Актөбе, Атырау және Көкшетаулық спортшылар қатысты. Жерлестеріміз бәсекеде жүлделі екінші орынға табан тіреді. Еске сала кетеміз, ұлттық құрамада облыстың 13 спортшысы болса, олардың 10-ы жүзумен, үшеуі су добымен шұғылданады. Екі жыл бойы күрделі жөндеуга орай жұмысы тоқтатылған спорттық нысанда 20-ға жуық жаттықтырушы мен 500 -ден аса су спортымен әуестенушілер бар. Негізінен үйірмелер таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейінгі аралықта жұмыс жасайды. Кешкі 6-дан бастап ақылы қызмет алушыларға 9-ға дейін қызмет көрсетіледі. Балаларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін келеді.