0:00 / 0:00
Шаған су торабы жоғарыдан келетін судың мол қорын қабылдап алуға дайын. Бұл туралы бүгін «Казсушар» ЖШС нің облыстағы мамандары мәлімдеді. Ең қауіпті жағдай өзен бойын жағалай орын тепкен шараушалықтарға төнуі ықтимал екен. Тұрмыс-тірлігі малмен тығыз байланысты ауыл тұрғындары мен шаруашылық құрылымдар үшін бұл аса маңызды жайт. Бұған өзен бойын жайлай орын тепкен тұрғындар жайын қоссақ, мәселенің өзектілігі айқындала түседі. Шаған су қоймасы 1965 жылы салынған. Ол кезде саяжайлар қаымдастығы су бойында қазіргідей көп болмаған. Мамандардың айтуынша су тасқындары 1984- ші 90-шы және 1994 ші және 2011 жылдары болған. Биыл диқандар мен су саласы мамандары су тапшылығы оңтайлы шешіледі деген үмітте. Ал Шаған өзені қазір не бары 10-15 см ге көтерілген. Жағдай қатаң бақылауда