0:00 / 0:00
2 айға созылатын тазалық айлығы шаһар келбетін көріктендіруге қоса коммуналдық сала қызметкерлерінің қызметін жеңілдетуге де үлес қоспақ. Өйткені биылғы қыс біраз сала қызметкерлерін әбден әбігерге салды.Сенбілік - қаламызда жыл сайын ұйымдастырылатын өте маңызды шара. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген бар. Сенбіліктер аясында жас шыбықтар дайындалған. - Олардың ішінде көп жылдық ағаштар бар. Негізінен «Жиналған жер емес,шашпаған жер таза» екенін тұрғындар ұғынуы тиіс. Тазалық бар жерде тәртіп бар. Сол себепті тек мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен жастардан бөлек қалалықтар да белсенді ат салысуы тиіс. Сонда ғана сүйікті қаламыздың сүйкімі артып, сізбен бізге жайлы жағдай жасалар еді.