0:00 / 0:00
«Батыс Су Арнасы» ЖШС қала тұрғындарына су құбырларында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты ертең қаладағы бірнеше көше бойындағы үйлерде уақытша суық су беруді тоқтатындығын хабарлады. Аталған мекеменің қызметкерлері хабарлағандай ертең сағат 09:00 мен 16:00 аралығында 9 шағын аудандағы үйлерде суық су тоқтатылады. Негізгі суық суды уақытша тоқтату шаралары қысқы маусымға дайындық шаралары аясында ғана қолға алынады. Сол себепті тәуліктің аз ғана уақытында суды ажырату жаз мезгілінде жиі болады. Мәселен, дәл қазіргі уақытта шаһардағы №2 кәріз желілерін сору стансасындағы су сорғылары жөнделуде. Яғни қаладағы бас су сору стансасы саналатын бұл орындағы сорғылар ескіріп өткен маусымда бірқатар көп қабатты үй тұрғындары лас сулардан зардап шеккен болатын. Бүгінде облыс халқының тең жартысына қызмет етіп отырған стансадағы жаңа сорғылардың біреуінің құны шамамен 2-3 млн теңгеден асады. №2 кәріз желілерін сору орнында қазір екі топта 20-ға жуық адам қызмет етуде. Құрылыс жұмыстары мамыр айының бесінші жұлдызына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Айта кеткен жөн ертең қаламыздағы жаңа аудандардағы бірнеше әлеуемттік нысан суық су айрылады. Яғни су құбырларында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты 9-шы шағын аудандағы №20 шы үй мен №5 емхана және Салтанат балабақшасы суық судан ажыратылады. Бұл жұмыстар ең ұзақ дегенде 5-6 сағатқа созылмақ. Биыл облыс орталығындағы 3 шақырым ауыз су және кәріз су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Биыл 5 жобаға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінді.