Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУ АЙДЫНДАРЫНДА САҚ БОЛ!

c 16:15, 08/08 c 31

0:00 / 0:00

Су айдындарындағы балардың қауіпсіздігі үшін түрлі шаралар қабылдануда. Бірақ барлығы бірдей форматта: түсіндіру жұмыстары, үнқағаздар тарату т.с.с. Бұл жолы осыны ескере отырып, облыс әкімдігі және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірлесіп, қызықты кездесу ұйымдастырды. Шараның ерекшелігі туралы әріптесім айтсын.

Иә, су айдындарында сауысқандай сақ болу керек екендігі туралы көп естиміз. Бірақ сол естігенімізді іс жүзінде қолдана алмай жатамыз. Жаман айтпай жақсы жоқ. Сондай келеңсіз жағдай орын алған сәтте не істеу керек деп абдырап қалмас үшін дұрыс әрі шұғыл әрекет жасай білуіңіз қажет. Осы орайда «Су айдындарында балалардың қауіпсіздігін сақтау» атты республикалық акция аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағында профилактикалық іс-шара өтті.

Іс-шараның ерекшелігі - күнделікті өткізілетін адам жалығарлық дәрістер арқылы теория жүзінде емес, аталмыш келеңсіз оқиғаны шынайы көрсетіп, алдын алу шараларын практика жүзінде көрсетуінде. Оқу-жаттығу кезінде құтқарушылар суға батып кете жаздаған адамды құтқарудың тәсілдерін үйретіп, ал медициналық мамандар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету амалдары бойынша шеберлік сабақтарын өткізілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.