0:00 / 0:00
Студенттік бизнес инкубаторлық алаң - жастардың кәсіпкерлік дағдыларын қолдай отырып, өз бизнестерін ашуға бағыт-бағдар көрсетеді. Студенттердің стартап, бизнес-идеяларын дайындап, одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беріледі. Өткен оқу жылында мұндай алаң Теректі колледжінде іске қосылса, Республика күні қарсаңында жоғары аграрлық-техникалық колледжінде ашылды.
БАҒИДА САРБАЛИНА
БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жоғары аграрлық-техникалық колледжі студенттерінің бизнес-идеяларды жүзеге асыруға деген қызығушылығы жоғары. 20 студент өз жобасын ұсынған. Оның 7-еуі іріктеуден өтсе, құрылыс саласына бағытталған стартап жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасының грантын жеңіп алған. Жоба құны - 9 млн тг.
БАУЫРЖАН ИСКАКОВ
ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бірегей жоба дайынған студенттің бірі - Хамида Амирова. Ол жетекшісімен бірге гидропоника әдісімен жыл бойы жасыл дәрумен өсірудің жобасын әзірлеген. Алғашқыда мал азығы ретінде қолданылса, биыл денсаулыққа пайдалы дәрумен ретінде ұсынылып отыр. Қолданар алдында шырынсыққыштан өткізіп, сүзіп, тоңазытқышта қатырады.
ХАМИДА АМИРОВА
ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Сондай-ақ колледж аумағында студенттердің спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында спорт алаңы пайдалануға берілді.