0:00 / 0:00
"Атамекен" өнер ордасында облыстық камералық оркестр Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университет студенттері мен оқытушылары үшін арнайы өнер көрсетті. Басты мақсат-студенттердің музыкалық талғамын қалыптастыру.
Жақында ашылған өнер ордасында классикалық музыка кеші өтті. Облыстық камералық оркестр Жәңгір хан университетінің студенттері мен педагогтеріне арнап, концерт қойды. Классикалық музыканы тыңдауға келген бұқараның қарасы қалың болды.
Өнер кеші БҚАТУ ректоратының қолдауымен өтті. Студенттер классикалық шығармалар мен тыңдармандардың көңілінен шыққан туындыларды тыңдап, музыканттардың өнеріне көзайым болды.
Камералық оркестр бұл концертті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнапты. Оркестр директоры бұл жобаның жастарға берері мол,- дейді.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің ұжымы студенттерді мәдениетке баулитын шараларды келешекте де жалғастырмақ.