Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Статистика дұрыс па?

c 23:45, 09/07/2020 c 570

0:00 / 0:00

Қазақстанда  7 шілдеде 11385 пневмония және 3090 коронавирус жағдайы тіркелді. Яғни елде өкпенің қабынуына шалдыққан науқастар саны бірнеше есеге артқан. Ағымдағы жылдың 29 маусым мен 5 шілдесі  аралығында 32 мың 83 пневмония және 9402 коронавирустық инфекциясы тіркелді. Ал осы аралықта пневмониядан 415 адам, коронавирустық инфекциядан 76 адам қайтыс болды. Онлайн брифинг өткізген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен оның орынбасарлары елдегі эпидемиологиялық ахуал жайында айтып берді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп деген мәліметтер де жоқ емес. Министр Цой ресми сатистикаға кіргендер вирусқа тест тапсырғандар бойынша есептеліп отыр, негізінде елде қауіпті індетті жұқтырғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Алайда, министр індет жұқтырғандар санын есептеу үшін барлығын тестілеу басты міндет емес дейді.Тест тек ауырып қалған нақуастар үшін жасалады. Сау адамдардың, індеттен жазылып шыққандардың тест тапсырып әуре болмағаны жөн деп кеңес берді ол. Ал елде өкпесі қабынған науқастар саны коронавирусқа шалдыққандар да көп болып отыр.

Алексей Цой- ҚР ДСМ «Коронавирустан қайтыс болғандар көп, ал ресми мәліметте аз көрсетіліп жатыр деген сөз жүріп жатыр. Біз ештеңені жасырып отырған жоқпыз.Пневманиямен ауырғандарға қатысты жақында жариялаймыз.Мен бұл мәселені әбден тексеріп, барып шығарайын  деп ем.Бұл жерде ешқандай кедергілер жасалып жатқан жоқ.Пневмания коронавирустан 2-3 есе көп болып жатыр.Өкпе қабынуынан көз жұмып жатқандар да бар».

Ал онсыз да денсаулық сақтау жүйесі кенже қалған ауылдағы науқастардың мәселесін министрлік аудандық ауруханаларға жүктеп қойған. Ал бұған дейін уәде етілген ауылдықтарға арналған жылжымалы зертхана тек тамыз айында ғана жетуі мүмкін.

Қоғам белсенділері дәрі-дәрмек тапшылығы, медициналық көмекке қатысты  халық арасында тараған ақпараттардың расталып жатқанын айтады. Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңге бөлінген. Аналитикалық топ бұл ақшалардың қалай жұмсалғанын зерделеп көрген. Нәтижесі көрсеткендей млндар далаға кетіп жатыр дейді топ жетекшісі Айгүл Соловьева.

Айгүл Соловьева –республикалық арнайы мониторингтік топ жетекшісі «Менде бар ақпарат бойынша 600 млн теңге пиарға бөлінген. Роликтер жасалған. Ол пиар компаниясы флэшмобтар көрсеткен. Ал негізінде бұл ақша ең қажетті деген заттарды сатып алуға болушы еді.Міне  осындай жауапсыздықтың арқасында бүгінгі жағдайға жеттік»

Ал тиімсіз жұмсалған бұл ақшаны қайтару мүмкін емес дейді қоғам белсендісі. Брифинге барысында медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жалақысына қатысты сұрақ қойылды. Әлеуметтік желіде қор басшысының жұбайына 12 –і көлік сыйлағаны туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Жұмағұловтың жұбайы болса өз парақшасында күйеуінің көлік сыйлағанын айтып, жар салуда. Министр қор жұмысын тексереміз дейді.

Алексей Цой- ҚР ДСМ «Жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізіледі. Ол минстрлікке тапсырылады. Қордың жұмысы мен қызметкерлерінің жалақысына келетін болсақ, жақында біз қорға қатысты материалдарды көтеріп зерделеп жатырмыз.Қаржылық көрсеткішін де қарап жатырмыз. Қорлық жұмысы, стартегиалық бағытын қадағалаймыз.Қазір бар күшіміз короанвируспен күреске кетіп жатыр. Жақынарада оның бәрін анықтаймыз».

Бұл қорға қазақстандықтардың табысының екі пайызы ай сайын аударылып отырғаны мәлім. Алайда, қауіпті індетке шалдыққан науқастар қордың рахатын көрмей отырмыз, тегін медицинаға қол жеткізу мүмік емес деген сын айтуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.