Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорттық нысан пайдалануға берілді

c 16:12, 19/12/2019 c 667

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қаласының Деркөл кентінде спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Ғимарат алдында облыс әкімі Ғали Есқалиев пен еркін күрестен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Екатерина Ларионова лента кесті. Су жаңа нысанда  7-11 сынып оқушылары білім алып, әрі спорттың 13 түрімен айналысуға мүмкіндік жасалған. Спорт мектебінде 250 оқушы білім алады. Заманауи талапқа сай 150 орындық жатақханасы бар. Мектеп ғимаратының жалпы көлемі – 9 195 шаршы метр. Мектеп ғимараты 3 блоктан – оқу, жатақхана, асханадан тұрады. Сонымен бірге үш жаттығу залы ашылған. Жаттығу залдарында екі бокс рингісі, төрт күрес кілемі, жаттығуға және ойын залына арналған құрал-жабдықтың барлығы орналасқан. Шараның салтанатты шарасында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі  Жәнібек пен Жаңақала аудандарында спорт кешендерінің құрылысы басталғанын баяндады.Оқу корпусында қазіргі білім беру талаптарына сай жабдықталған 13 кабинет бар. Оның ішінде мамандандырылған, зертханалық жабдығы бар химия, биология, физика, ағылшын тілі және мультимедиялық кабинеттері мен шеберханалар қызмет етеді.Интернаттағы сыртқы алаңның жалпы көлемі – 4,4 гектар. Онда футбол, волейбол, баскетбол, теннис алаңдары мен жеңіл атлетикаға арналған жүгіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру алаңдары орналасқан. Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық сабағына арналған саптық дайындық алаңы да бар. Мектепинтернаты 15 жылдан бері халықаралық жарыстар мен ел біріншіліктерінде топ жарған жеңімпаздарды тәрбиеледі. Айта кеткен жөн, насанның құрылысы осыдан 3 жыл бұрын басталған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.