Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спортты жаны сүйетін 94 жастағы ардагер

c 11:22, 10/05/2021 c 628

0:00 / 0:00

9-мамырда тарихшы, өлкетанушы, жазушы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы" ордендерінің иегері Ақбай Жайсаң Досболатұлы 94 жасқа толды. Ақсақал саналы ғұмырында ел мен жердің тарихын түгендеп, өскелең ұрпаққа мұра ретінде қалдыру үшін табанды қызмет жасап келеді. Бүгінде ғасырға жуық өмір сүріп жатқан еңбек ері спортты жанына серік қылған. Нақтырақ айтсақ, ол елу жылдан бері спортпен шұғылданып келеді. Күн сайын "Ақжайық" стадионына барып, 10 шақырымды жүріп өтеді. Ақсақал: "Өмір сүрудің басты қағидасы- қозғалыс",- дейді.

Бұл- спортты жанына серік қылған жандар. Олар күн сайын ауа-райы мен жыл мезгіліне қарамастан стадионға келіп, шынығады. Азаматтардың көбі зейнетке шыққан. Бірақ әлі күнге дейін ширақ қозғалып, спорттық додаларда жастарды басып озады. Салауатты өмір салтын ұстанған осындай жандардың бірі- Жайсаң Ақбай. Жақында ақсақал 94-ке толды. Көп жылдар бойы тарихты зеттеп, өлкетанушы, жазушы ретінде біраз еңбек атқарған ардагер "Жайық" өзені экспедициясының басы-қасында болып, саналы ғұмырын спортпен шұғылдануға арнаған. Ол күн сайын 10 шақырымды бағындырады. Ақсақал ұзақ өмір сүру үшін қозғалыс керек,- дейді.

Жайсаң Ақбайдан үлгі алып, спортпен шұғылдануды мақсат тұтқан жандардың бірі - Нұрлан Ізтілеуов.

94 жасар ардагердің өмірі мен еңбек жолы ғана емес, үнемі қозғалыста болуы мен спортты жанына серік қылуы көпке үлгі болмақ!

 

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.