0:00 / 0:00
Көпфункционалды спорт нысаны мен балалар ойын алаңының салтанатты ашылуына қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев пен ауыл тұрғындары қатысты.
Ынтымақ ауылының тұрғындары спорт кешені мен балалар ойын алаңы қажет екенін қала әкімінің халықпен жүздесуінде бірнеше мәрте көтерген. Көптің тілегі қабыл болып, ынтымақтық ағайын қос қуанышқа кенеліп отыр.
Ынтымақ ауылындағы тұрғындар саны 600-ден асады. Әсіресе, елдімекеннің жастары спортпен белсенді шұғылданады. Енді олардың қатарын мектеп оқушылары да толықтырмақ.