«Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай Қадыр Мырза Әлі атындағы шығармашылық орталығының амфитеатрында салтанатты іс-шара өтті. Аталған кездесуге облыс әкімдігінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары, спорт ардагерлері, спорттық ұйымдардың қызметкерлері, өңіріміздің үздік спортшылары, жаттықтырушылар және басқарма қызметкерлері қатысты. Толығырақ сюжетте.
Спорт - еліміздің мерейін асырып, абыройын тасытатын бірегей сала. Атаулы мереке қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға осы салаға еңбегі сіңген азаматтар шақырылды. Кездесу барысында облыс әкімнің орынбасары Қайыржан Ермекұлы спорт саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға ерекше алғыс білдіріп, тілегін жолдады.
Бүгінде біздің спортшылар әлемдік деңгейдегі бәсекелерде ел мәртебесін асқақтатып келеді. Бұл жетістіктер - спорт саласына еңбек сіңірген аға буынның, жаттықтырушылар мен мамандардың, спортшылардың ерен еңбегінің жемісі.
Ел спортының ертеңі еңселі, жетістігі елеулі болғай!